Ананди ақиқаты, Калянидің қабірі
Ананди ақиқаты, Калянидің қабірі

АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ!

  Бір елдің есі кеткенде киесі де бірге кетеді. Уа, «Қазақстан 1», «Қазақстан 1!». Сен туғанда алаштың қанын, қазақтың намысын оятып, келер ұрпаққа асыл аманатымызды тұтастай тапсырады деген сенімде едік. Ел алдына көлбеңдетіп адам емес, ит екеш иттің өзін бірнеше жыл бойы үргізіп көрсете берсең аңқау халық оны да жұлдыз санайды. Ал сен бірнеше жылдан бері үндінің сенімі мен салтына тұнған сериалды көрсетіп келесің. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер» енді мынау жас ұрпақты қандай күйге түсірдің? Асыл аманат ұмытылды, ұлттың жайқалған қамысы өртеніп, намысы күйіп, жалыны сөнді. Елімізде қазақтың ділі мен дінін ұстанып қалған ауыл қазақтары еді. Ал олар сенің жанашыларың еді. Енді міне сенің үнді жарнамаң арқылы ұрпақтың санасы үндіге айналды. Ат төбеліндей айналдырған он бір миллион қазақты жиырмаға толтыра алмай жатқанда сен келіп сол қазақты үнді етіп миллиардтан асқан үндінің қай жыртығын жамамақсың? Қалай ғұмыр кешсең солай өлесің деген хадисте. Ертеңгі ұлы махшарда мына қазақ халқының әсіресе сенімі мен дәстүрі үндіге қарай ауған ұрпақтың бар күнәсі сенің мойыңда. Қайран алаштың баласына қалай балта шапқаныңды сонда көресің. Мұсылман ұрпақтың санасын улап, жарасын тырнағыңды сонда білесің. Ағашты балтаның темір басы шаппайды, ағаш сабы шабады. Сен сол сап болдың ғой. Үндіге жақын, ұлтқа жат болдың ғой. Әншейінде елде болмашы бір мәселе болса үлкейтіп «Айтуға оңайыңда» ат ойнатушы ең елге жар салып, ал елдің сенің үнді сериялыңды көріп адасқанда соны айту «АЙТУҒА ҚИЫН» болды-ау! Бұдан былай сені алаштан шығарып атыңды «Қазақтан 1» емес, «Үндістан 1» деп атасам деймін. Өйткені үнді еліндегі кез-келген арна дәл сендей өз ұлтына қызмет ете алмас. Мен сенің сол үнділігің үшін үйдегі көкжәшіктің аузына құлып салып, қылдабайға тастадым. Балаларым көрмес үшін. Ал мына үндінің діліне ауған алаштың жас ұрпағын қайтпекпін?! Жалғыздың үні шықпас болса да бердім саған теріс батамды аумин!

...Үндінің "Ананди" тәрізді фильмінің бір бөлімінің өзі мың буддашы мен кришнайдтың уағызынан әсерлі. Ал біздің елде неше жылдан бері көрсетіліп келеді. Ата-әжелер ертегісін қойып ұрпағымен бірге көруде. Ондай фильмдер тұрғанда секталарға тиым салсаң не, салмасаң не? Бұл - қораның есігін қасқырға ашып, тесікті қымтағанның қылығы. Сонда қазақтың елі қайда?..

(с) Мұхитдин Исаұлы

Khan AliKhan Ali
1 год назад 1325
4 комментария
  • артын жумайтын кәпірлерден де лас халық
    1 год назад
  • Алла сақтасын
    1 год назад
  • Осы қандай сериалға болсын жаным қас. Тіпті қазақстандық болса да. Үйдегілерге айтам да жатам, әрең-әрең қойдырып келем.
    Телевизорды шыны керек көрмеймін де. Үйдегілер қайта мені дұрыс түсінбейді, не деген адамсың телевизор көрмейтін деп.
    1 год назад
  • Біздің халықтың осал жері қатты сенгіш, аңқау және ұйқыны қатты жақсы көреді. Ал одан да озбырлығы "еліктегіш" келеді. Әрине жалпыға топрық шашудан аулақпын. Дегенмен де өзімізде барымызды қадірлей білмейміз. Осы дерттен арылатын уақыт жеті ғой. Тіпті өзге елдердің емес бүгінгі таңдағы қазақ сериалдары да көңіл көншітпейді. Әсіресе жас буынға берері ештеңесі жоқ. Нақты айтқанда кезіндегі Ш.Аймановтың түсірген бейнетаспаларына зәру болдық.
    1 год назад
О блоге
0
62072 96 208 783 121