«Тәһажуд» намазы инфарктың алдын алады
«Тәһажуд» намазы инфарктың алдын алады

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орынға жеткізуі мүмкін» («Исра» сүресі, 79-аят),–деген. Түнде оқылатын қосымша намаз тәһажүд деп аталады. Мүсілімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деген. Сондай-ақ сол имам Мүсілімнің «Сахихында « Расулулланың (с.а.с.): «Түнгі намазды оқыңдар. Ол – салихалы жандардың әдеті, Раббыларыңмен жақын байланыс, жамандықтарыңды өшіруші әрі күнә істерден тыюшы», – деген хадисі де бар.
Неліктен Пайғамбарымыз (с.а.с.) түнгі намазды оқуды үмметіне өсиет етіп кеткен? Оның сауабы жөнінде діндарларымыз айта жатар. Біз мұның медициналық пайдасына тоқталуды жөн көрдік.
Таһажуд намазы түннің соңғы бөлігінде оқылады. Дәл осы уақытта ұйқыдағы кісінің денесінде зат алмасу процесі баяулап, температурасы 1 градусқа дейін төмендеп кетеді. Ал, зат алмасу қан айналымына тікелей байланысты. Қанның жүрек арқылы қан тамырлары бойымен жылжуын – қан айналымы деп атайды. Бұл үрдіс ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады, тіндер арасында зат алмасуды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол ағза жасушаларын оттегі, су, белок, көмірсу, май, минералдық заттармен, дәрумендермен жабдықтайды. Зат алмасу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газ, тағы да басқа ағзаның тіршілігінен түзілген зиянды заттарды сыртқа шығарып, ағзаны тазартады. Түннің соңғы бөлігінде жоғарыда аталған процестердің барлығы баяулағанан кейін тамырдағы қан ағымы да әлсіреп қоюлана түседі де тромбоз, эмболия, атеросклероз, т.б. аурулардың пайда болуына алып келеді. Дәл осы кезде адам ағзасын бір серпілтіп алу аса маңызды. Осы уақытта таһажуд намазына тұрсаңыз, ағзаңыздағы қан айналымы қайтадан реттеліп, қалыпты жағдайына түседі де қан қояулануының алдын аласыз.
Адамның жасы ұлғайған сайын оның қозғалысы да азая бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам 35 жастан асқаннан кейін белсенді қозғалыс бәрібір біртіндеп кеми түседі. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей әлем бойынша қан-жүрек ауруларынан қаза болатын адамдардың саны жыл сайын өсіп барады да инфарктың көбеюіне алып келді. Сондықтан, жас кезіңізден, аты жаман ауруға ұшырағыңыз келмесе, таһажуд намазын оқуды әдетке айналдырыңыз! 

Кеулімжай Құтты
«Иман»журналының жауапты хатшысы

Khan AliKhan Ali
1 год назад 726
3 комментария
  • Алла разы болсын, қандай әдемі де, ұғынықты етіп жеткіздіңіз! Рамазан айынан кейін таhажуд намазын әдетке айналдыруға тырыссам деп отырмын, иншаллах!
    1 год назад
  • осындай Куран каримдеги жане Пайгамбарымыз сас суннетиндеги айтылгандарды зерттейтин институттар бар ма сонда? казир гылым оте жаксы дамыган, осындай макалалар шынымен ойланатын адамдарга, жалпы барлык мусылман кауымына пайдалы. Кобирек жазылса екен дал осы сиякты макалалар. Рахмет
    1 год назад
  • Әсті-әсті бұл заман да болып келеді, Иншаллаһ!
    1 год назад
О блоге
0
62072 96 208 783 121