«Әй, адам баласы! Біз сендерге шайтанның ашып тастағысы келетін әурет жерлеріңізді жауып тұратын киім-кешек түсірдік. Бірақ естеріңде болсын! Ең жақсы киім – тақуалық киімі. Міне, бұл Алланың белгілерінен. Бәлкім, осыны ойланып сабақ алар». («Ағраф» сүресі, 26-аят)
Байқасаңыз, Алла жауып жүріңдер дейді, шайтан ашып, көрсетіп жүріңдер дейді. Біздің елдің қыздары қайсысына бағынар екен?
Енді осыдан сабақ алмаған, әр жерін жылтыратып, көрінгеннің көрмесіне қойып жүрген қыз-келіншектердың Алла құзырындағы жағдайы қандай болмақ.
Шынымды айтайын, жаным ашиды.
Ренжімеңіздер, бар ақиқатты ғана жаздым. Арғы жағын әркім өзі шешер.
Асылбек Әуезханұлы