"Биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау)))"
"Биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау)))"

Ғалымдар адамның қарнында өз денесін алып жүруге жеткілікті деңгейдегі 2 тәулікке жететін тамақ болатынын дәлелдеген екен. Осы тұста "онда неге адамның қарны ашады?" деген заңды сұрақ туады. Расында, неге? Естеріңіз де ме? Әлгі итке жасалған тәжірибе бар еді ғой. Күніге бір кәнденге жүйелі түрде ірежиммен бір уақытта тамақ беріп тұрады. Бірде иттің тамағын тесіп, ішіне түтік салады да, күніге дәл сол уақытта беретін тамақты әкелмей қояды. Сол кезде ит тыпыршып, мазасыздана бастайды. Ал әлгі түтіктен сөл тамшылайды. Яғни адам белгілі деңгейде бір уақытта жүйелі түрде тамақтанып үйреніп қалғандықтан қарны аш болмаса да, асқазанына сөл бөлініп, ол миға қарнының ашқандығы туралы жалған ақпарат береді екен. Демек адам қарны шынымен ашып, ашығып бара жатқандықтан емес, ең әуелі жүйелі келетін тамақтың келмей қалғандығынан қиналады. Ең бастысы "тамақ ішуім керек еді" деген ой, аштыққа шыдатпайды екен. Сондықтан ағайын егер сізге "биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау" деген сияқты ойлар келсе оған "Әй айналайын аулақ жүр" деңіз. Себебі Алла тағала адамға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді.

Zhanadil Rayimbek-тің парақшасынан алынды

Khan AliKhan Ali
9 лет назад 5244
6 комментариев
О блоге
0
62072 96 208 783 121