ЗЕРДЕЛІ ҒҰМЫР
ЗЕРДЕЛІ ҒҰМЫР

Әрбір сәттің өзіндік ерекшелігі мен берекесі болады. Бірде, намазға жығылып, басын сәждеге қойғанына аз ғана уақыт болған бір бауырымыз: «Мен намаздың рухани қабатына жете алмай жүрмін», – деп алдыма келді. «Оған жетудің бір ғана жолы бар. Мына дүниені зерделе», – деп, қолына бір бейнетаспаны ұстаттым. Бір күні көңілі тасып, жүрегі алып-ұшып, жүзі бал-бұл жайнаған ол адам алдыма қайта келді. Көзінің қарашығынан үлкен сенімнің күшін көрдім. «Зердең қалай?», – дегеніме: «Сіз маған үлкен дүние бер-ген екенсіз, Алла разы болсын! Деген-мен, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына соңғы дүниесі жүрегімді әбден қозғады», – демесі бар ма. Бұл сөзіне қуанғаным-нан: «Дүниеде Жаратушы мен пенде арасында айтылатын сырлар бар. Иесі Алла болса да, ол сыр күнделікті мүміннің жүрегінен сығалайды. Алғашқы сәтінде береке, ортасында ырыс, соңы толықтай зердеге құт беретін мерейлі сыр. Сен берекеге келдің, әлі ырысына кенелесің. Ал, бейнетаспадан көрген Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың соңғы на-мазы жүрегіңді қопсытса, құтты орын іздегені. Жанына шипа, өміріне бағыт, күніне күн, түніне ай болған ол намазды пайғамбарымыз (с.ғ.с.) соңғы рет жылап оқыды. Алғаш рет Миғражға көтеріліп, Өзінің Жаратушысымен сырласқанда, оның (с.ғ.с.) жерге қайтқысы келмеді. Себебі, Алла тағаламен жүздесу ғани-беттен өткен керемет зерделі сәттегі тәтті сыр еді. Ал, сол сырды үзбеу үшін Алла тағала жердегі Өзінің бір ғана құнды да қымбат, сүйікті Хабибіне намазбен бер-ді. Оны мәртебесіне қарамастан, үмметі ретінде бізбен бөліскен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ертеңгі қияметте баршамызға шапағатшы болары хақ! Оның (с.ғ.с.) намазда үнемі ұзағынан тұрып, әрбір сәттің ләззатынан айырылғысы кел-мейтіні де осыдан болатын. Ол сырды әрбір мұсылманға жеткізгісі келді, үмметі үшін намаз оқыды. Әр намаздың уақыты кіргенде: «О, Алла! Бізге мына жер бетіндегі тынымсыз тіршілігіңнен демалуға уақыт берші», – деп тілеген. Сондықтан, оның (с.ғ.с.) намазының жанында біздің намазымызды Жаратқан Алла қабыл етсін деп тілейік. Сен жүре-гіңді пайғамбарға (с.ғ.с.) бағындырып, сүннетіне ерсең, Ұлы Аллаға ергенің», – дедім. Осы бір тұғырлы ойыма көңілін жығып, мөлтек жастарға шомылған ол бүгінде жүрегімен көкке көтерілудің жолында деген үміттемін. Өйткені, жібі-ген жүректі әрқашан пайғамбарымыз-дың (с.ғ.с.) бейнесі зерделейді. Әрине, бұл дүние оны аса бір ерекше сезімге көтеретіні анық.
Кезінде Мұхаммед пайғамбарымыз-ды (с.ғ.с.) көргенде бір адам үнемі қо-рыққанынан дірілдеп, аузындағы сөзін айта алмайды екен. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.) жәй ғана күлімсіреп: «Қорықпа, мен патша емеспін. Сүрленген ет жеген кедей ананың ұлымын, сен сияқты қарапайым адаммын», – дегені бар. Сол қарапайымдылықтан басталған әділдік, шынайылық, адал-дық, ізгілік сынды ұлы қасиеттердің иегері расулымыздың (с.ғ.с.) тағдыры тек қана Ұлы Жаратушының мейірім-нен басталған. Ол енді қайтып, ешкімге берілмейтін тағдыр. Өйткені, тағдыр жазушының қолынан шыққан туынды біреу ғана, әрі Жаратушының зерделі бір ғана сәтінен туған берекелі тағдыр. «Егер Сені жаратпағанда дүниені жа-ратпас едім» деген Алланың сөзі бар. Осы мейірімділіктегі текті қасиеттер тек қана иманда!
Бір бәдәуи адам пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ту сыртынан келіп, қолымен қатты нұқып, киімінен тартып, сөзге келуін нұсқапты. Бұл жұлқығанынан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мойнында матасы қатты шапанның тігісінен із қалыпты. Сондағы айтқан бір ауыз сөзінде: «Әй, Мұхаммед! Алланың саған бергенінен бізге де бер», – депті. Өзіне келген адамның түріне қарап, ісіне жымиған Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мынаған бірдеңе беріңдерші», – депті. Бұл күнде біреуіміздің басымызда тура осы жағдай болса, біздің күніміз не болар еді?
Бірде бір адам пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Мен сізбен бірге Алла разылығы үшін соғысқа аттанам. Артымда қалған әке-шешемнің жылағанына қарамастан, ақырет үшін сізбен бірге болуды қаладым», – депті. Сонда: «Сен кері қайт. Ата-анаңды қалай жылатсаң, солай оларды қуант», – деп, Алла үшін міндеттелген соғыстан әлгі адамды кері қайырған болатын. Бұл күнде Алла разылығы үшін бір істің басын шалмақ тұрмақ, кей мұсылманның ата-анасы-ның жүрегін жадырататын қайырымды іс жасауының өзі екіталай.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге жет-кен ұлағатты өсиеті Алладан берілген. Қиямет күні Алла тағала адамнан: «Ей, Адам атаның баласы! Мен ауырдым. Бірақ, сен маған келмедің», – дейді екен. Сонда адам: «Я, Раббым! Сен әлемді жаратқан Алласың, мен саған қалай барам?», – дейді. Сол кезде Әлемдердің Раббысы: «Менің құлдарымның бірі ауырып жатқанын білмедің бе, егер де жағдайын сұрап барғаныңда, мені қасынан табар едің», – дейді. Егер Алла тағала қандай да бір адамға ауру берсе, ол Алланың мейірімі деп білуі керек дегенді кім жеткізді бізге? Әрі қарай Алла тағала: «Ей, Адам атаның баласы! Мен тамақ сұрадым, сен бермедің», – дейді екен. Сонда пенде: «Я, Раббым! Сен әлемді жаратқан Алласың. Қалайша мен сені тамақтандырамын», – дегенде Алла тағала: «Менің құлдарымның біреуі аш жатты. Сен оны тамақтандырғаныңда, мені сол жерден табатын едің», – дейді. Өзі тоқ болып, аш жатқан көршісін тамақтандырмаған адам мұсылман емес дегенді кім жеткізді бізге?
Нақақтан-нақақ бір мұсылман қаны төгілуі, Жаратқанның бүкіл дүниесі құрығанынан бетер қорқыныш. Онымен қоса, шариғат үкімі барлық адамзат баласына, яғни билік пен халыққа бірдей. Шариғат үкімінде ұрлық жасаған адам-ның қолы кесілетіні бар. Заманында құрайыш тайпасынан бір әйел бөгде біреудің затын ұрлапты. Бүкіл тайпа болып әйелге үкім шығарылмауын ауырып жатқан пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қалай жеткізерін білмеген еді. Сонда: «Сендер Алланың үкіміне қарсы келіп, ұрлықты қолдайсыңдар ма? Сендерге дейін өмір сүрген адамдар арасында сыйлылары қылмыс жасап, ұрлық істеген. Ал үкімнің зардабын қарапайым халық тартқан. Әлсіз адамның ұрлығы ескеріліп, оған үкім қолданылған. Алланың атымен ант етейін, егер де Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, мен оның да қолын кесер едім. Кімнің ұлы мен қызы болса да, Алланың үкімін шығаруға жол беріңдер», – деп әділдік орнатқан.
«Адамда ақиқи сенім болмаса, жұмаққа кіргізілмейді. Ал арада бір-бірлеріңе деген шынайы сүйіспеншілік болмаса, ешқашан сенім болмайды. Ол үшін мейірімділік таратыңдар» деген өсиеті бар. Бүгінде үлкенге бірінші аман-дасу әдеті әлі күнге дейін үйретілуде. Ол әдет біздің салтымызда ең бірінші тұрған әдеп. Тіптен, қанымызға сіңіп, төбемізге көтеретін заманға жетсек те, әлі күнге дейін үлкеннің бетінен алу, сөзін тыңдамау әдеті бар. Жағдайын сұрамақ түгілі, амандаспайтындай халдеміз. Әлемдегі керемет дамыған елдердің сөйлеу мәдениетінің өзі Исламнан тәлім алған. Ал, ол тәрбие Жаратушының көркем жаратылысы – мұсылмандар патшасында! Оны көркемдеп жеткізген де мұсылмандар патшасы Мұхаммед (с.ғ.с.). Қарапайым мысал, Алланың жердегі үйі мешітке жиналған жамағат өзара қауқылдасып, әңгіме құрмайды. Бір-бірімен етене танысып, жағдайын білісу деген жоқ. Құрығанда, бүгінгі саясатты айтады. Неге оның орнына пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін, өсиеттерін, жайдарлы мінезін сөз арасында үлгі етіп, әңгіме етпеске. Қайта керісінше, бірін-бірі итермелеу, менсінбеу, алакөздену, жеке-дара бұр-тиып ешкіммен сөйлеспеу, қала берді, алабөтен сөздерді қолдану, тіпті, қол жұмсауға дейін барады. Ал, мұсылман мұсылманға қол көтеру, әсіресе, Алла жаратқан бет-жүзінен ұру үлкен қатер. Естеріңізде болсын, мұсылманның бет-жүзі Алланың назары! Демек, бұл істер шын мұсылманға жат. Бұл ісімізді көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізді мүмін деп санар ма еді? Әрине, әрбір мұсылман бұл ескертулерді зерделеп, ойланғаны жөн.
Осы сияқты бүкіл әлемге рақым бол-ған пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Алладан берілген өсиеттер тізбегі мұсылман әлеміне толықтай жетерлік дүние. Оны әрқайсымыз білсек, кейінгі ұрпаққа, балаларымызға үйретсек, барша үмметі оны (с.ғ.с.) қиямет күні бірден таныр еді. Күніміздің әр қолайлы уақытында Алланың Ұлы жаратылысы Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) ойға алсақ, қандай ғанибет. Дүниелік тірлікке қоспай, оның (с.ғ.с.) әрбір ісін өмірімізден іздеп өзімізге қолдансақ, әрбір сөзін зерделеп санамызға құйсақ, өмірін ғибрат етіп тынысымызға қоссақ, біз үшін Алланың алдындағы үлкен сауап болары сөзсіз. Алла тағала дүние нығметтерін адамдарға үлестіріп бөліп береді. Бұл мұсылманға қалай берілсе, кәпірлерге де солай беріледі. Алайда, кез келген адамға беріле бермейтін, әрі Алланың тек сүйген құлдарына ғана берілетін құнды нығмет – иман! Біздің сұлулығымыз осы иман дәрежесімен ғана өлшенеді. Әлбетте, ең сұлу құл – Мұхаммед (с.ғ.с.). Кейін сахабалар, табиғиндер, табаға табиғиндер, Алла жолындағы барша мүміндер, мешіттерді толтырған жамағаттар. Сондай-ақ, үлкенін сыйлап, кішісін қамқорлыққа алып, жетімін қолдап, жесірін жылатпаған қазақ елі имани салтымен сұлу. Ол нығметке ие болу да Алланың мейірімінде. Ендеше осы сұлулығымыз мәңгілік болсын, ағайындар! Әумин!

Нұрлан АСАНОВ

Khan AliKhan Ali
10 лет назад 4280
1 комментарий
О блоге
0
62072 96 208 783 121