Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.
Кейіннен осыған қатысты аят түсті:
«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).
АЯТҚА СЕБЕП БОЛҒАН АУЫЗАШАР
|

1 пікір
-
Nurqanat BaizaqМашалла!8 жыл бұрын
Тікелей эфир
-
Cаттар жаңа жазба қосты: "Zholdas Orisbayev: Жасанды интеллектіден қауіп бар..."7 сағат бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Пастбищное скотоводство наносит меньше вреда клима..."2 күн бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕ ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ АРА Т..."3 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Чудеса сотворения: почему человек, имея два глаза,..."3 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап ..."4 күн бұрынТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ жаңа жазба қосты: "РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?..."5 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.