Ғалымдар адамның қарнында өз денесін алып жүруге жеткілікті деңгейдегі 2 тәулікке жететін тамақ болатынын дәлелдеген екен. Осы тұста "онда неге адамның қарны ашады?" деген заңды сұрақ туады. Расында, неге? Естеріңіз де ме? Әлгі итке жасалған тәжірибе бар еді ғой. Күніге бір кәнденге жүйелі түрде ірежиммен бір уақытта тамақ беріп тұрады. Бірде иттің тамағын тесіп, ішіне түтік салады да, күніге дәл сол уақытта беретін тамақты әкелмей қояды. Сол кезде ит тыпыршып, мазасыздана бастайды. Ал әлгі түтіктен сөл тамшылайды. Яғни адам белгілі деңгейде бір уақытта жүйелі түрде тамақтанып үйреніп қалғандықтан қарны аш болмаса да, асқазанына сөл бөлініп, ол миға қарнының ашқандығы туралы жалған ақпарат береді екен. Демек адам қарны шынымен ашып, ашығып бара жатқандықтан емес, ең әуелі жүйелі келетін тамақтың келмей қалғандығынан қиналады. Ең бастысы "тамақ ішуім керек еді" деген ой, аштыққа шыдатпайды екен. Сондықтан ағайын егер сізге "биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау" деген сияқты ойлар келсе оған "Әй айналайын аулақ жүр" деңіз. Себебі Алла тағала адамға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді.
Zhanadil Rayimbek-тің парақшасынан алынды
"Биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау)))"
|

6 пікір
-
Cаттаралла бұйыртса шыдайық8 жыл бұрын
-
АзизаАллах барша мусылманга шыдамдылык берсин .8 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyШыдаймын деп адам өзін программалау керек.8 жыл бұрын
-
ShynarАллаһ соған шыдайтындай ерік-жігер, күш-қуат берсін баршамызға!8 жыл бұрын
-
Берікбол Төрежанең ұзақ мерзім былтыр болды ғой, қателеспесем8 жыл бұрын
-
ShynarЕң ұзақ мерзім - биыл және келесі жылы болмақ!8 жыл бұрын
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Символ Рамадана, или почему мусульмане так любят ф..."бірнеше секунд бұрынАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Шестиклассник из Туркестанской области изобрел "ум..."6 сағат бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Рамадан. Три степени поста..."КешеБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналға..."КешеУльяна Лемантович жаңа жазба қосты: "Литовский алфавит..."2 күн бұрынУльяна Лемантович жаңа жазба қосты: "Португальский алфавит..."2 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.