Жаулығым - Жәннәтімнің жалауы! (Бұл қарындасымыздың Алла дініндегі табандылығынан өзге əпке-қарындастырымыз үлгі алар деп үміттенеміз)
Жаулығым - Жәннәтімнің жалауы! (Бұл қарындасымыздың Алла дініндегі табандылығынан өзге əпке-қарындастырымыз үлгі алар деп үміттенеміз)

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баркатух, Мұсылман бауырлар. Адамда әр нәрсені соңына дейін жеткізу үшін шынайы ықылас пен табанды мақсат болуы керек деп ойлаймын. Жәннатқа жету оңай емес, қанша адамдар намаз оқысаңда жетпейдіме дегенмен ұят иманнан деген, сондықтан ұятыңнын қорғаны болған орамал үшін қандай қиындық болсада күресуге татиды. Не дегенмен «Бұл бастағы орамал мойынмен бірге ғана шешіледі » деген аналардың ізбасарларымыз ғой... осы сайысқа орай өзімнің 2-3 жыл ішінде қалай орамал таққанымды жаза кетсем, әрине жариялау үшін емес бір адамның болмасын осы істе тәуекел етуіне себеп болса деген үміт.

Бисмиллах... 
Әуелгіде Аллахтың қалауымен намазға ниеттенгеніммен оранудың не екенін білмедім. Мешітке орамалсыз барған ерсі көрінер деп тағып алатынмын. Кейін бір адамның осы қыздар мешітке келгенде ғана орамал тағып сыртқа шыға бере шешіп тастайды, Аллах оларды мешіттен басқа жерде көрмей қалатындай дегенін естіп ойландым. Осыдан кейін мешітке келерде, қайтарда орамалымды шешпей жүретін болдым. Ол кезде мектеп оқушысы болғаным себепті ме, әлде орамалдың маңыздылығын түсінбегенімнен бе ұзын кигеніммен мектепте орамал тақпайтынмын. Мектепті бітіріп, педагогикалық институтқа математика мамандығына оқуға түстім. Группаласым әрі жатақханада бірге тұратын құрбымда намазхан екен. Бірінші жарты жылдықтағы шәкірт ақымнан орамал мен ұзын көйлектер алып, екінші жарты жылдықта ойласып алғандай құрбым екеуміз институтқа оранып келдік. Сол күннен бастап неше түрлі көзқарастар, қаңқу сөздер басталды. Кураторымыз жас қыз болатын ол істің ашығына көшіп, неше түрлі сөздер айтып, группаластарымызды қарсы қоятын болды. Тарих пәнінің мұғалімі көп группа қосылып отыратын аудиторияда әр сабақ сайын хиджаб кию арабтардан келгенін айта беретін. Бірақ бұның бәрі жәй болатын. Мамандығымызда кандидат-доктор математик беделді ағай болатын ол бізді орамалмен көріп: "сендейлердің талайын көргем, қалаға келіп неше түрлі сектаға кіріп сорлап жүресіңдер, Қазақта тұрмысқа шыққан әйел ғана орамал таққан" деген сияқты сөздерін айтып бізге орамал шешуге бір күн мүмкіндік беретінін айтты. Біз ертесі күніде оранған қалпымызда бардық. Орамал шешпей кірмейсіңдер деген соң сыныпқа кірген соң шешіп отырармыз деп ойлаған едік ағаймыздың ойы әріде екен,сол күнгі ол ағайдың ашуланғанын айтып жеткізе алмаймын екеумізді сыныптан бар күшімен итеріп шығарып осы жерде шешіңдер шаштарыңды бәрі көрсін деп айқайға басты. Институт дәлізінде тұрған барлық адамның назары бізде, кей орыстар мысқылдап күліпте тұр. Құрбым екеуміз бір-бірімізді жұбатуға шамамыз келмей, кеңірдекке өксік тығылып жатақханаға қайттық. Бір-біріміздің еңсемізді түсірмейін деп бір бөлмеде тұрсақта екі жақта жылап жүріппіз. Сол күні кешке екеуміздіңде анамыз хабарласты, ағаймыз бізді екеуі сабаққа келмейді, келседе қатыспайды... деген сияқты өтіріктерді айтыпты. Менің анам содан ауырып ауруханға түскенін, система қабылдап жатқанын айтқанда жүрегім аузыма тығылып, неше түрлі ойлар келіп, анамнан айырылып қалардай қорықтым. Ертесі күні сабаққа барғанымызда ағайымыз байыппен сөйлегенімен орамал шешпесеңдер пән мұғалімдерінің бәріне сабаққа келмейді деген хаттамаға қол қойғызып оқудан шығаратынын айтты. Ата-анам оқудан шығарамыз дегенді естіп естері шығып ертелі – кеш бір түсіндіріп, бір айқайлап, бір жылап кешке дейін мың хабарласты. Көзіміз жастан құрғамай, ертесіне сабаққа орамалсыз бардық. Сол күні алақандай жүрегім мың тілім болды. Әр Намаздан соң орамал шешкенде Раббымнан ұялып өзімді мұнафық сезіндім. Орамалымды қатты сағындым, үнемі намаздан соң ұятымның қорғаны болған орамалымды иіскеп отыратынмын.Содан екінші жарты жылдық біткенше орамалсыз жүрдімде, жазғы демалысқа барғанда ата-анама байыппен түсіндіріп, сіздер мені қолдасаңыздар оқудан шығара алмайды деп оларды көндіріп Аллахтың қалауымен мүбәрәк орамалыммен қайта қауыштым. Қыркүйек айында оқуға келгенімде орамалға жаны қас ағайымыз біздің топқа куратор болыпты. Біресе Ағайым, біресе факультет деканы шақырып сабаққа қатысудан да қалдым. Бұл мезгілсіз шақыртумен артық сөздерден шаршап институт ректоратындағы заң кеңесшіге жүгініп егер мені осылай мазалауларын қоймаса гәзет-журнал, телеарналарға хабарласып, тіпті керек болса сотқа баратынымды айттым, бұдан аса нәтиже шықпаған соң, облыстық мешіттің бас имамына жағдайымды айта барып сол кісінің көмегімен заң істері бастығы, діни істер бастығы мешітте жиналып, сол жерде мәселенің мән жайын айттым. Жағдайға қанық болған орган басшылары орамалға мемлекеттік орындарда осынша қысым бар екенін естіп таң қалып: « Бұл шаш ал десе бас алатындардың ісі, сен уйымдама себебі әлем саған қарсы тұрсада Аллах сенімен бірге. Көрмейсіңбе кез-келген шақыртуға бармайтын үш жердің бастығын алдыңа әкеліп отырған Аллах Тағала ғой, ендеше сен неден қорқасың?! » деген сөз менің сенімімді нығайтты. Осылай заң қызметкерлерінің себебімен, Аллах Субхана Тағаланың шексіз мейірімімен қайтадан Жәннатымның жалауын желбіретіп жүрмін. 
Сөз соңында орамалға ниеттенген әрбір мұсылман әпке-сіңілілеріме айтарым Аллахқа тәуекел етпеген адам жетістікке жете алмайды, ал Мұсылманның жетістігі Жәннат!

Кәусар Захарбекқызы

Khan AliKhan Ali
9 жыл бұрын 4619
3 пікір
Блог туралы
0
62072 96 208 783 121