ҚАЛМАЙЫҚ ҚАРЫНДАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА
ҚАЛМАЙЫҚ ҚАРЫНДАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА

Қалмайық қарындастың көз жасына

Таласып ай туады батар күнмен.
Айқасып ақ пен қара қатар жүрген.
Қайтарып өткен күнді ала алмайтын,
Қарасаң өмір заңы қатал мүлдем.

Бір сәттік бой алдырса тамашаға,
Басқадан бойжеткеннің бағы аса ма.
Түңіліп өміріне қыз жылайды,
Үңіліп өткеніне оңашада.

Басталды бәрі,бәрі сол бір кеште,
Түсірсе түршігердей ол күнді еске.
Тоймады маxаббатың шәрбатына,
Қоймады сүйіктісі көндірмеске

Айтса да әккі жігіт жинап аңыз,
Тыңдады әңгімесін илана қыз.
"Бастайық бүгін түннен бар қызықты,
Ертең-ақ үйленеміз,үй боламыз."

Сендiрдi сері жігіт,несi кеттi,
Сезімнен байғұс қыздың есі кетті.
Ертеңін ертегідей елестетіп,
Екі етпей келісуге шешім етті.

Болар ма ед уәдесі бұлай сұйық,
Бойына түлкі қулық тұр-ай сыйып
Жеткесін мақсатына сүйіктісі,
Сұлуын құшақтайды құлай сүйіп

Тапқандай өмірдегі бар ләззатын,
Талықсып ұйықтап кетті таңға жақын.
Одан кейін бәрі де шым-шытырық...
Жарық бөлме,далада даңғаза күн.

Бетінің жаспен жуып бояуларын,
Түкке аспас кеш түсінді ой-арманын.
Ең бақытты адамдай көзі ілініп,
Ең бейшара қалпында оянғанын

Орындап ойдағысын жігіт кетті,
Мәз болып күнәсіне күліп кетті.
Алданып бос уәдеге отты басқан,
Бойынан бойжеткеннің қылық кетті.

Ойлайды енді осыған кім кінәлі,
Елестеп көз алдына тұрды бәрі.
Жазғырып өзін-өзі өкінеді,
Жасамау керек ед деп бұл күнәні.

Таласып ай туады батар күнмен.
Айқасып ақ пен қара қатар жүрген.
Қайтарып өткен күнді ала алмайтын,
Қарасаң өмір заңы қатал мүлдем.

Аяққа таптатпаған аппақ арын,
Кешегі арулармен мақтанамын
Бетіне тік қарамай ер жігіттің,
Бөтенге сүйгізбеген ақ тамағын.

Жігіттер,сеніңіздер сөз расына,
Қалмайық қарындастың көз жасына.
Жасаған айналаға әр амалың,
Айналып қайта келер өз басыңа

Дегендей бұл жалғанның мейманымын,
Күнәнің елемейміз кейде ауырын.
Етегін ерке қыздың аңдып жүрген,
Ертерек есіңді жи,ей,бауырым!

Мейірбек Сұлтанxан

Khan AliKhan Ali
9 жыл бұрын 4758
4 пікір
Блог туралы
0
62072 96 208 783 121