ЖӘННАТҚА ЕҢ СОҢҒЫ КІРЕТІН АДАМ
ЖӘННАТҚА ЕҢ СОҢҒЫ КІРЕТІН АДАМ

Ал хадистің жалғасы. Кімде-кімнің жүрегінде қылдай да иманы болса сол Тозақтан шықсын деп Алланың əмірі берілгенде Тозақтан шығарыла бастайды екен. Сонда Тозақта тұрған ең соңғы бейшара адам тұрып айтады екен:

-Йа, Құдай. Йа Аллаһым! Йа Аллаһым Саған деген иманым бар еді ғой. Сондықтан мені мына Тозағыңа қатты бетімді қуырмай теріс қаратып қойшы,-дейді. Аллаһ оны теріс қаратып қояды. Теріс қаратып қойғаннан соң, біраз уақыт, бəрібір қуырып бара жатыр əлгі от. Қиналғаннан Аллаһқа айтады екен:

-Аллаһым басқа сұрамаймын деп едім, мені мына жерден гөрі Тозақтың шетіне шығарып қойшы,-дейді. Содан Алла оны Тозақтың шетіне шығарып қояды екен. Бірақ ол жерде тұрған соң аз өтті ме, көп өтті ме?! Қайта қиналып Аллаға жалбарынады екен:

-Аллаһым саған деген иманым бар ғой. Тозақтан мені шығарып қойсаң болды. Жəннатыңды сұрамаймын, ешнəрсе керегі жоқ. Мына жерден шығарып жіберші мені,-дейді. Содан ол кісіні Алла Тозақтан шығара салады екен. Сонда əлгі адам Тозақтан, азаптың ауырлығынан төрт аяқтап шықты дейді. Ойлаңыз? Өзінің денесін көтере алмай шықты. Сахих Муслимде айтады: "Тозақтан алып шығып жатқан адамдар арықтың жағасында өсіп тұрған аппақ өсімдіктер сияқты болады. Білесіз анау арықтың жағасында қаралай бір аппақ, жұмсақ, тамыры аппақ болып тұрады ғой. Енді өсіп жатқан талшықтар. Қуаты-күші сондай-ақ болады екен. Бейшараны Тозақтың езіп тастағаны сонша ана кісінің қуаты сол-ақ болады екен. Соны суырып алып, Жəннаттың суына батырып, күш-қуат береді дейді Алла Тағала.

Осылай ол адам Тозақтан шығады. Əрмен қарай оқиғаны білесіздер ғой. Бір ағаш көрінеді, ол сұрай-сұрай Аллаға жалбарынып ағаштың жанына барады. Содан сая табады. Соның астында тұрып, біраз тұрғаннан кейін қараса Жəннаттың жақын жерінде, Тозақтан əлдеқайда ұзағырақ жерде басқа одан да үлкен ағаш өседі. Сол ағашқа қарай, қысылады да:

-Йа, Аллаһым. Ешнəрсе сұрамаймын деп едім. Бірақ анау ағаш əдемірек көрінеді екен. Сол ағаштың саясына барайыншы,-дейді. Содан Алла айтады:

-Менен сұрамаймын деп едің ғой,-дегесін ана адам үндемейді. Біраздан кейін қайта жалбарынып:

-Йа, Аллаһым. Анау ағаштың саясына барайыншы. Басқа сұрамаймын,-деп. Алла оның дегенін айтқызып Өзінің рақымынан ол кісіні сол ағаштың саясына апарады екен. Сол ағаштың саясында тұрып Жəннаттағы рахатты көреді. Жұрттың қуанышын көреді. Той-томалақты, рахатты, қызықшылықты, майшатты көріп, қатты қызыққаннан Аллаға қайта жалбарына бастайды:

-Йа, Аллаһым. Көп сұрамаймын Жəннатыңның есігінің алдына кіріп, сол бір қадам кіріп, аналардың қуанышын соның ішінен көріп тамашалайыншы. Мына жерде қиын екен,-дейді. 

-Сен Менен ешнəрсе сұрамаймын деп едің ғой.
Қайтадан үндемейді. Бірақ сəл өтіп жалбарынады, қайта жалбарынады Аллаға. Алла рақым қылып:

-Жəннатқа кіре бер, саған рұқсат,-дейді. Сонда əлгі адам жүгіріп Жəннатқа барады. Бірақ Жəннат көз алдына толы болып көрінеді екен. Содан екі көзінде жас, қиналғаннан:

-Йа, Аллаһым Сенің қинайтыныңды білгенімде ғой,-дейді.

-Не болды?-десе. Сен мені осы азаптап жатсың ба деп ойлайды. Жəннатқа кір десе орын жоқ дегендей да. Содан қысылады да:

-Орын жоқ қой,-дейді. Сен қадам басып бірінші кірсейші,-дейді. Қадам басқаннан соң ол адамға Жəннаттың үкімі жүреді. Ал Жəннаттың үкімі бойынша не еді? Сұрағаныңның бəрі берілетін еді ғой. Сонан соң əлгі адамға айтады:

-Ал енді Жəннаттың адамы екенсің. Онда сұра берейін,-дейді. Əлгі адам сұрай береді екен. 

Ананы бер, мынаны бер, мынаны бер, мынаны бер. Таусылады дейді. Дым қалмайды. Сонан соң Алла Тағала оның ұмытып қалғанын есіне түсіреді екен.

-Есіңде ма? Ана дүниеде жүргенде бір мерседес сатып алайын деп едің ғой. Берейін да соны. Жəннаттың мерседесі ғой?!

-Ия, Аллаһ.

-Есіңде ма? Ар жақта жүргенде төрт этаж үй салайыншы деп едің ғой?

-Ия.

-Алмайсың ба соны енді төрт этаж?!

-Алайын.

Мынадай есіңде ма, анадай есіңде ма? Əбден ұмытқанын есіне түсіреді. Сонан соң ол да бітіп қалады екен. Сосын Алла айтады екен оған:

-Ей, пендем Жəннатта мынандай деген жақсы нəрсе бар. Соны алсаңшы,-дейді екен.

Қарасаңызшы, Алланың Өзі айта бастайды екен оған "ананы ал, мынаны ал" деп. Оны да айтып тауысқан соң.:

-Ризасың ба?-дейді екен. Ол адам:

-Ия, əлбетте ризамын ғой Аллаһым!

-Онда саған осындайдан бес есе. Осылай бола берсін, бола берсін, бола берсін, бола берсін, бола берсін,- деп бес рет айтады. Сонда əлгі адамның мүлкін қараңыз е? Сондай майшатта жатады. Сондай рахатта жатады. Сол Жəннатқа ең соңғы кірген адам. Жəннаттың ең кедей адамы екен. Сол адам айтады екен Аллаға:

-Йа, Аллаһым. Осы Жəннаттағы ең байы менмін ғой. Рұқсат берші мына халқыңа бір ас беріп жіберейін,-дейді екен. Ойлаңызшы., ана кісінің көңілін тойдырғаны сонша, болмаса ең кедейі сол)))) 

Жəннат рақат қой.

Арман Қуанышбаев (Пайғамбарға иман уағызынан)

Khan AliKhan Ali
9 лет назад 10638
7 комментариев
  • Тамаша! Өзіңіз тердіңіз бе?
    9 лет назад
    • жоқ, басқа бауырлар терді
      9 лет назад
      • Ммм. Вк əлеумметтік желісіндегі Арман ағаның парақшасына еріктілер керек еді. Сол үшін сұраған едім
        9 лет назад
  • МашаАллаһ, жақсы мәлімет! Аллаһ разы болсын! Тек грамматикалық сауаттылық жағына да мән берілсе жақсы болар еді...
    9 лет назад
    • Әмин баршамызға разы болсын! Ендігіде ескеріледі.
      9 лет назад
  • оқып жатып әңгіменің ішіне кіріп кеткенсің ғой :)
    9 лет назад
О блоге
0
62072 96 208 783 121