ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ (ФОТО+ВИДЕО)
ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Шілде айының 13-інен 14-іне қараған түн Қадір түні.

Қадір түні

 

    КӨЗ ІЛМЕЙ ОТЫРУ МІНДЕТ ЕМЕС

  Бүгін таң атқанша көз ілмей ояу отыру міндет емес. Алайда бұл түннің мынадай артықшылықтары мұсылмандарды ұйықтатпайды деп ойлаймыз:
Хадисте: “Қадір түні жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда тастардан да көп болады”,– делінген. Тағы бір хадисте: “Ол түнгі түскен көп періштелерге жердің беті тарлық етеді”, – делінеді. 
Кааб әл-Әхбар (р.а.): “Қадір түні аспаннан түскен періштелердің санын ешкім де білмейді. Ол тек Аллаға ғана аян. Жәбірейіл (ғ.с.) сол қаптаған періштелердің ортасында болады. Жәбірейілдің (ғ.с.) назарына ілікпеген мұсылман қалмайды. Денеңіз бір нәрсені сезіп, жүрегіңіз езіліп, көзіңізден жас ақса, маңайыңызда Жәбірейіл (ғ.с.) тұр деп сезініп, дұға-тілегіңізді көп айтыңыз”, – деген.
Жәбірейіл (ғ.с.) періштелерді үмбетті аралауға жібергенде олар жұрттың іс-әрекеттерін бақылап, зікір-пікірлерін тыңдап, намаз оқығандардың сәлеміне жауап береді, олармен сәлемдеседі, таң намазына дейін дұға жасағандардың қасында “әмин” деп тұрады. Ол осы түннің қадірін біліп, бұл түнді ұйқысыз ғибадаттармен өткізген миллиондаған мұсылмандардың шын ықыластарын, ниеттерін байқап, тілек-дұғаларының қабыл болуына септіктерін тигізіп, қиямет қайымда Қадір түніндегі жасаған ғибадаттарымызға, құлшылықтарымызға куә болады.

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Қадір түні 1

Қадір түні 2

Қадір түні 3

Khan AliKhan Ali
9 лет назад 59325
2 комментария
О блоге
0
62072 96 208 783 121