"Биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау)))"
Ғалымдар адамның қарнында өз денесін алып жүруге жеткілікті деңгейдегі 2 тәулікке жететін тамақ болатынын дәлелдеген екен. Осы тұста "онда неге адамның қарны ашады?" деген заңды сұрақ туады. Расында, неге? Естеріңіз де ме? Әлгі итке жасалған тәжірибе бар еді ғой. Күніге бір кәнденге жүйелі түрде ірежиммен бір уақытта тамақ беріп тұрады. Бірде иттің тамағын тесіп, ішіне түтік салады да, күніге дәл сол уақытта беретін тамақты әкелмей қояды. Сол кезде ит тыпыршып, мазасыздана бастайды. Ал әлгі түтіктен сөл тамшылайды. Яғни адам белгілі деңгейде бір уақытта жүйелі түрде тамақтанып үйреніп...